Толығырақ
Бұл, мазмұны ерекше жинаққа классик жазушы Мұхтар Мағауиннің сүйіспеншілік, достық туралы бірнеше әңгімесі топталып отыр.
Негізгі сарын – адам атаулыға бақыт, қуаныш сыйлайтын нәзік сезім суреттері, сонымен қатар, махаббат азабы, айнымалы мінез, опасыздық пен адал тұрақтылық – бір сөзбен айтқанда, шынайы өмір көріністері.
Кітап жасөспірім оқырманға арналған. Бұл әңгімелер жастар мен ересектердің де жүрегіне жол табары хақ.