Толығырақ
Бұл жинаққа Мұхтар Мағауиннің көпшілікке танымал, алды бірнеше шет тілге аударылған төрт хикаяты топталып отыр.
«Тазының өлімі» – қызғылықты аңшылық әңгімесі ғана емес, қарапайым ауыл адамдарының қилы тағдыры, советтер заманында ұлттық дәстүрдің шетке қағылып, аяқасты болуы туралы сырлы толғау. Осыған үндес, атбегілік салт негізінде қазақ халқының рухани қасиеті ардақталатын «Жүйрік» хикаяты да, танымдық қана емес, әлеуметтік сыпаты айқын, өзгеше туынды.
Ал «Шипалы Арасан» хикаятына немістің ұлы ақыны Гөте өмірінің соңғы кезеңіндегі дарқан сезім мен шығармашылық серпін өзек болған. «Қисық ағаш» хикаятында тәуелсіздік заманының алғашқы кезеңіндегі, отаршылдық зардабынан әлі арылып болмаған күрделі ахуал көрініс табады.