Толығырақ
Генри Райдер Хаггард (1856 – 1925) – танымал ағылшын жазушысы, қызық оқиғалы және тарихи романдар шебері. «Сүлеймен патшаның кеніші» – күні бүгінде әлем әдебиетіндегі ең көп таралған шығармалардың бірі. Роман қашанда қызғылықты оқылса, өз тұсында жаңалықты шығарма болды. Қаламгер ол заманда христиан әлемінде адам қатарына саналмаған қара түсті халықтарды, бұл ретте зәңгі зұлыс жұртын өр рухты, нәзік, таза сезімді, рухани дамыған халық ретінде сыпаттаған. Қазірде үйреншікті жағдай десек те, озық ойлы қаламгердің оқиға өрбіту, шытырманнан жол тапқан шеберлігі аталмыш романды ешқашан ескірмес туындылар қатарына қосқан еді.
«Сүлеймен патшаның кеніші» – қазақ үшін де мән-мағынасын жоғалтпайтын, көп оқылымды роман ретінде қала бермек.