Алтын Орда

Категория Қазақ әдебиеті
Автор Мұхтар Мағауин
Мұқабасы Қатты

4900 тг

Категория Қазақ әдебиеті
Автор Мұхтар Мағауин
Мұқабасы Қатты

Толығырақ

Арыдағы Түрік қағанаттары, берідегі Шыңғыс хан империясы – Еке Моғұл

ұлысынан соңғы дәуірде бүткіл дерлік Еуразия – Ертіс өзенінен Дунай дарияның

атырауы мен Қарпат тауларының етегіне дейінгі ұланғайыр алқапта орныққан Алтын Орда – адамзат тарихындағы ең ұлы мемлекеттердің бірі болды. Ұлылығы –

байтақ иелігі, әскери қуатымен қатар, өз заманындағы аса жоғары мәдениеті мен

заттық және рухани байлығында жатқан. Тума табиғатында Жошы ұлысы аталған

осыншама ұлағатты мемлекет 1220 жылдан 1480 жылға дейін, яғни тұтас бір дәуір

– екі жүз алпыс жыл бойы салтанат құрды. Бар жағынан әлемнің алдында тұрды.


Әйткенмен, күні-бүгінге Алтын Орданың ақиқат, әрі толық шежіресі жазылып,

таңбаға түспеген еді. Ол аз болғандай, отаршыл Орыс көзқарасы бойынша, бар тарихы бұрмаланып келген. Батыс ғылымындағы бірлі-жар зерттеулерді айтпасақ,тек советтік құрсаудан соңғы кезеңде ғана бұл тақырыпты шынайы, жан-жақты тануға жол ашылды. Осы орайда Жошы ұлысы – Ұлұғ Ұлыстың ең басты, негізгі мұрагері – бүгінгі Қазақстан деп білсек, әйгілі жазушы, даңғыл тарихшы Мұхтар Мағауиннің «Алтын Орда» кітабының мән-маңызы айқындала түспек. Біздің жұрттағы

жаңа сөз, жаңаша көзқарас, әрі өткендегі олқының орнын толтырар, жан-жақты,

терең толғау.

КАТЕГОРИЯДАҒЫ КІТАПТАР

Тапсырыс беру

тг
Барлығы: тг

Тапсырыс қалдыру