Аласталғандар

Категория Әлем әдебиеті
Автор Виктор Гюго
Мұқаба Қатты
Бет саны 1400

10900 тг

Категория Әлем әдебиеті
Автор Виктор Гюго
Мұқаба Қатты
Бет саны 1400

Толығырақ

Француз әдебиетінің алып тұлғасы Виктор Гюгоның «Аласталғандар» романы – адамгершілік, әділет, кешірім мен үміт жайлы терең шығарма. Бұл томда басты кейіпкер Жан Вальжанның ауыр тағдыры баяндалады: нан ұрлағаны үшін 19 жылға сотталып, бостандыққа шыққан соң қоғамның қатал көзқарасына тап болады. Алайда мейірімді епископтың ықпалы оның өмірін түбегейлі өзгертеді.  


Оқиға барысында Жан Вальжан өз аты-жөнінен бас тартып, жаңа өмір бастайды. Ол енді адал еңбекпен табыс табуға, адамдарға көмектесуге ұмтылады. Бірақ өткен өмірдің көлеңкесі мен полиция инспекторы Жавердің үнемі ізінен қалмауы оны тығырыққа тірейді. Өзге де басты кейіпкерлердің өмір сынақтары өте әсерлі. Фантина — қызы үшін өзін құрбан еткен ана, Козетта — мейірім мен қорған іздеген бала, ал Мариус — сезім мен заман идеалдарының арасында теңдік іздеген жас жігіт.


Шығарма шынайы оқиғалар мен терең психологиялық сипаттамалар арқылы оқырманды ойға жетелейді. Гуманистік рухқа толы бұл туынды кез келген дәуірде өзектілігін жоғалтпайды.

КАТЕГОРИЯДАҒЫ КІТАПТАР

Тапсырыс беру

тг
Барлығы: тг

Тапсырыс қалдыру