Толығырақ
Ертегі тыңдау арқылы балалар қоршаған ортаны тануды, оқиғаларды дұрыс түсінуді, талдай білуді және қиын жағдайлардан шығудың жолын іздеуді үйренеді. Жануарлар туралы ертегілер бір мәселенің шешімін әдеттегі жолман емес, ерекше әрі тиімді жолмен табу дағдысын қалыптастырады. Ертегіде міндетті түрде жомарттық пен сараңдық, жақсылық пен жамандық, жалғыздық пен достық секілді бала үшін маңызды тақырыптардың бірі қозғалады. Тыңдаушыға ғибратпен бірге эстетикалық ләззат беретін ертегілер адам баласының қиялын, мінез-құлқын, таным-талғамын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.