Толығырақ
Австриялық жазушы Стефан Цвейгтің өзіне тән өткір әрі шынайы, терең әрі әсерлі баяндау стилі талғампаз оқырмандарды тәнті етіп, сан алуан сезімдерге бөлейді.
Бұл кітапқа қаламгердің «экспрессионистік новелла», «көңіл күй новелласы» деп танылған «Амок» пен үнділік терең пәлсапа мен даналыққа негізделген «Бақилық ағаның көзі» атты шығармалары еніп отыр. Әуелгі хикаятта адам жанының құштарлығы мен дұшпандығын, үрейі мен үмітін, күйініші мен сүйінішін айқын танытатын шытырман оқиға баяндалады. Екінші хикаят өмір мәні, адам болмысы, жақсылық пен жамандықтың табиғаты жайлы терең пайымдарға жетелейтін ежелгі аңыз желісіне құрылған.
Кітап әдебиетке құмар барша оқырманға арналған.